Жылдар өтсе де — ардақты жанды еске алып, ағайынды бір дастарханға жинау
Барлық үлгі тегін — сілтеме бірден. Өз фотоңыз және қонақтар жауаптарының толық тізімі — премиум 2 000 ₸. Бір рет төлейсіз — шақыру мәңгі сізде қалады, жазылымсыз.
Еске алу асы — марқұмның қайтыс болғанына бірнеше жыл (3, 5, 10, 20 жыл) толғанда немесе бір отбасының бірнеше марқұмына бірге бағышталып берілетін ас. Мұндай асқа көбіне ата-ана, жұбай, бауырлардың рухына арнап шақырады: «асқар тау әкеміз», «аяулы анамыз», «ардақты жарым».
Шақыруда марқұмның (немесе марқұмдардың) есімі, неше жыл толғаны, ас өтетін күн мен орны жазылады. Үлгіні таңдап, мәтінді өзгертесіз; дайын сілтемені WhatsApp-қа жібересіз, үлкен кісілерге — сурет түрінде.
74 үлгі
Кез келгенін өз шақыруыңызға көшіріп қойыңыз — редакторда мәтін өзгертіледі.
10 жылдық еске алу асы
Құрметті ағайын-туыс, құда-жекжат, дос-жарандар! Асқар тау әкеміз Сапар Ахметұлының дүниеден өткеніне 10 жыл толуына орай берілетін еске алу асына шақырамыз. Ас 25 қазан күні сағат 13:00-де өтеді.
Ардақты жар, аяулы ана
Ардақты жар, аяулы ана Гүлнәр Сейітқызының рухына бағышталған еске алу асына сіздерді шақырамыз. Келіп, дұға етіп, жарқын бейнесін бірге еске алайық. Жұбайы мен балалары.
Ата-ананың рухына
Ардақты әкеміз Қайрат Боранбайұлы мен аяулы анамыз Зәуре Мұхтарқызының рухына бағышталған асқа шақырамыз. Ұл-қыздары, немерелері.
Banqet.kz каталогында бағасы, сыйымдылығы және фотосы бар залдар