Құдайы тамақ — жақсылыққа шүкіршілік етіп, ағайынды дастарханға шақыру
Барлық үлгі тегін — сілтеме бірден. Өз фотоңыз және қонақтар жауаптарының толық тізімі — премиум 2 000 ₸. Бір рет төлейсіз — шақыру мәңгі сізде қалады, жазылымсыз.
Құдайы тамақ — садақа ретінде берілетін дастарқан: жаңа үйге кіргенде, сапардан аман оралғанда, науқастан айыққанда немесе аруақтарға бағыштап береді. Шақыру қысқа, жылы әрі салмақты болуы керек.
Төмендегі сабырлы үлгілердің бірін таңдап, себебін, күні мен уақытын, мекенжайды жазасыз. Дайын сілтемені WhatsApp-қа жібересіз, үлкендерге — сурет түрінде.
74 үлгі
Кез келгенін өз шақыруыңызға көшіріп қойыңыз — редакторда мәтін өзгертіледі.
Құдайы тамаққа шақыру
Құрметті ағайын-туыс, көршілер! Аллаға шүкіршілік етіп, 18 қазан күні сағат 14:00-де үйімізде құдайы тамақ береміз. Дастарханымызға келіп, бата беруіңізді сұраймыз.
Аруақтарға бағыштап
Ата-бабаларымыздың аруағына бағыштап құдайы тамақ береміз. Келіп, Құран тыңдап, дұға етуге шақырамыз. Сәрсенбаевтар отбасы.
Banqet.kz каталогында бағасы, сыйымдылығы және фотосы бар залдар